387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында «Қауіпсіз жаз» акциясы өтіп жатыр

  • 958
  • UPD: 07:59, 21.06.2017

Ал Қарағанды облысының су қоймаларында өткен демалыс күндері бес адам суға кеткен. Қаза болғандардың арасында екі бала бар. Бұл деректерді шомылу және өрт қауіпі маусымына байланысты өткен арнайы брифингте төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері хабарлады.

Айта кету керек, жыл басынан бері 20 адам суға кеткен. Ал былтырғы жазда 60 тұрғын суға шомылып жүріп, ажал құшқан. Сонымен қатар биыл аймақта дала мен орман өртінің көрсеткіші өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда артқан. Атап айтсақ, былтыр жазғы маусымда жиырма өрт оқиғасы болса, биыл 41 өрт дерегі тіркелген. Осыған орай облыс аумағында «Қауіпсіз жаз» акциясы өтіп жатыр. Бұдан былай шомылуға тыйым салынған жерлерде бақылау күшейтіліп, жаз айларында қауіпсіздікті сақтамаған тұрғындарға әкімшілік айыппұл салынатын болады.

Мұрат Қатпанов, Қарағанды облысы ТЖД басшысының орынбарасы:

- Атқарып отырған шараларымызда жалпы адамның зардап шегіп, қаза табуын максималды азайту, өзіміздің тұрғындарды осы акцияға тарту. Демалу кезінде өздерінің және қасындағы туыстары мен достарына мұқият болып, балаларды жалғыз қалдырмауға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы