387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде полиция қызметкерлері қан тапсырды

  • 559
  • UPD: 08:21, 21.06.2017

Ақтөбеде 60 полиция қызметкері қан тапсырды. Тәртіп сақшылары бұл шараны Қазақстан полициясының 25 жылдығына арнап отыр. Облыстық қан орталығына ішкі істер органдарының ардагерлері, жас мамандар мен тәлімгерлерге дейін келді. Олар 25 жылдыққа орай қан қорын 25 литрмен толықтырды. Тәртіп сақшыларының арасында тұрақты донорлар да бар.

Жалпы қала бойынша сирек кездесетін қан тобымен 120 тұрақты донор тіркеуде тұр. Ал облыстық қан орталығының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи автоматтандырылған жабдықтар алынды. Осының нәтижесінде донорлар кезек күтпей, тез арада қан тапсыра алады. Арнайы қондырғылар қан тобы мен түрлі ауруларды жедел анықтайды. 

Нәзира Кақматиева, қалалық ІІБ жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы: 

- Басшыларымыз бүгін осы акцияның өтетінін айтты. Қызметкерлер өз еріктерімен шешім қабылдап, қан тапсыруға келді. Мен де ойланып тұрмастан, әріптестеріме ілестім. Алғаш рет тапсырып тұрмын. Бұл қайырымды іс, мен тапсырған қан біреудің өмірін сақтап қалса, мақсатымыздың орындалғаны.

Хабар 24 телеарнасы