«АЗЕРТАДЖ» ақпарат агенттігі Қазақстанға келіп жатқан туристер санының өсе түскенін хабарлады

Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесіне күннен күнге көрермендер қызығушылығы артып келеді.

Әзербайжанның «АЗЕРТАДЖ» көрнекті ақпарат агенттігі елге келіп жатқан туристер санының өсе түскенін хабарлайды. Павильондарға мыңнан астам адам келді. Ең қызықты алаң – қазақстандық «Нұр Әлем» павильоны болды. «Көрме мұндай нәтижеге алғашқы 10 күннің өзінде-ақ жетті. Мұндай қарқынмен 9 қыркүйекке дейін жалғасатын ЭКСПО көрмесіне келушілердің саны алдын ала болжамнан асып түсуі мүмкін», – дейді мақала авторы.

АҚШ, Франция, Германия, Жапония секілді дамыған елдермен қатар «ЭКСПО-2017» көрмесінің Қазақстанда өтуі аймақтың энергетика саласындағы серіктестігін нығайтуға серпіліс бермек. Сонымен қатар көрме халықаралық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі диалогты құру үшін барынша жағдай жасайды. Бұл бірнеше ай бойы энергетикалық саясат және реформа секторын қарастыратын халықаралық алаң.