376,73 428.00 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да республикалық маңызы бар үш жол жөнделіп жатыр

  • 566
  • UPD: 16:05, 26.06.2017

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызға ие 3 тас жолы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жол жөндеу жұмыстарына қазынадан 7 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

– «Орал-Каменка» тас жолы Ресейдің Саратов облысына апарады. Жарты ғасыр бұрын салынған жолға осы күнге кейін бірде бір рет күрделі жөндеу жүргізілмепті. Екі жыл бұрын «Нұрлы жол» бағдарламасына енгізілген нысанда қазір құрылыс жұмыстары қарқын алған. Жалпы ұзындығы 100 шақырымдық жолдың 40 шақырымы жөнделіп жатыр. Құны 25 миллиард теңге болатын жоба төрт кезеңде жүзеге асады. Биыл құрылысшылар жолдың ең жауапты бөлігі саналатын 52 шақырымды аяқтауы тиіс. Өйткені дәл осы тұста 44 су өткізу құбыры мен 16 инженерлік құрылым бар. Топырақтағы ылғал мөлшерінің көптігі де жұмысқа қолбайлау болып тұр.

Николай Кондополо, құрылыс компаниясының бас инженері:

Тек осы жердің өзіне  миллиард текше топырақ қажет болады. Жоба бойынша бұл мақсатқа 7 бірдей топырақ алынатын карьердің орнын белгілеп қойдық. Сонымен қатар биыл жүк көліктерін жөндеу үшін арнайы демалыс орнын да осы жерден салмақпыз.  

Құрылысты қолға алған кәсіпорын бірінші кезекте жұмысшылардың жағдайын жасауды көздейді. Талапқа сай зертханасы мен жұмысшыларға арналған вахталық қалашығы бар. Құрылыс сапасын жергілікті билік пен халық қалаулыларының жіті бақылап отыр.

Аветик Амирханян, облыстық мәслихат депутаты:

Биыл 50 шақырымнан астам жол жөнделуі тиіс. Бұл мақсатқа 9,5 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Барлық жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр. Әрине, кейбір құрылыс материалдарын жеткізу мен вагон тапшылығына қатысты проблемалар болды. Қаңтардан наурыз айына дейін материалдар жеткізілмеді. Соған қарамастан құрылыста іркіліс болған жоқ, бәрі ойдағыдай деп сеніммен айта аламын.    

«Чапаев-Жалпақтал-Қазталовка» трассасы ең шалғай орналасқан аудандарды облыс орталығымен жалғайды. Биыл 12 шақырым жол жөнделуі тиіс. Жалпақтал мен Жәнібектің арасындағы жолдың да сапасы сын көтермейді. Жауын-шашынды күндері алыс аудандарға жету тіпті қиындап кетеді.

Марат Әйтімбетов, құрылыс компаниясының бөлім жетекшісі:

– Ендігі қалып тұрғаны 12 шақырымдық жол мен 4 бірдей көпірдің құрылысы ғана. Қазіргі уақытта 146 шақырымдағы жолда асфальт төсеп жатырмыз. Бұрын бұл жерде ешқандай да жамылғы болмаған. Тек шағылтас төселген грейдер қазір мүлде жарамсыз күйде.  

«Қазталовка-Жәнібек» бағытын жөндеуге 2,5 миллиард теңге бөлінген. Биыл Жәнібек пен Ұзынкөл ауылы арасындағы 9 шақырым жолды аяқтау көзделіп отыр. Жыл соңына дейін өңірде жалпы ұзындығы 500 шақырымдай жол күрделі жөндеуден өткізілмек. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов

 

 

Хабар 24 телеарнасы