386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қапшағай қаласы баламалы қуат көздерін дамытуға үлес қосып отыр

  • 1505
  • UPD: 22:04, 26.06.2017

Алматы облысында баламалы қуат көздерін игеру міндеті кезеңімен атқарылып келеді. Биыл Қапшағай қаласында желден электр қуатын өндіруші генераторлар мен күн сәулесі батереясының жаңа бекеті салынбақ. Бұл жобалар елімізде өтіп жатқан халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жүзеге асып отыр.

Қапшағайдың табиғаты баламалы қуат көзін дамытуға өте қолайлы. Қалаға жылдың 265 күнінде күн сәулесі түсіп тұрады. Ал өңірдегі су қоймасының арқасында үнемі жел соғады. Аталған мүмкіндіктерді ел игілігіне жарату мақсатында қалада өндірістік қуаты 4,9 мегават 5 жел генераторы орнатылған. Биыл олардың санын көбейту көзделіп отыр. Сондай-ақ күн сәулесінен энергия жинақтаушы 2 мегаваттық батареялар бекеті бар. Ол жылына қаладағы 1000 отбасын электр жарығымен үздіксіз қамтамасыз етуге қауқарлы. Болашақта баламалы қуат көзінің көлемін 200 мегаватқа ұлғайту жоспарланған.  

Жомарт Момынбаев, күн сәулесі батареялары бекетінің жетекшісі:

- Біздің трансформаторлар, кабель жағынан сондай мүмкіншілік бар. Қапшағай қаласында осыдан 10 шақырым жерде бізде 500 га жер бар. Сонда 50 мгв күн электр станция құрайын деп жатыр.

Мұнда индустрияландыру бағдарламасы бойынша басқа да ауқымды істер қолға алынған. Қазір қала іргесінде 1300 гектар жерде инвестициялық жоба - макарон зауыты салынып жатыр. Инвесторлар Жапония мен Вьетнам елдері. 

Талғат Қайнарбеков, Қапшағай қаласының әкімі:

- Болашақта 97 мың тонна өнім шығарылады. Инвестиция көлемі 55 млн доллар. Болашақта 500 адам сол жерде жұмыс істейді. Олар өнімін экспортқа жібереді.

Қапшағайда туризм де қарқынды дамып келеді. Жағажайлар қалпына келтіріліп, демалыс орындары абаттандырылып жатыр. Өткен жылы мұнда 325 мың адам демалған. Айта кетерлігі, қала Экспо көрмесін тамашалауға келген меймандарға ұсынылған еліміздегі 70 туристік нысанның қатарына кіреді.     

Авторлары: Алмас Садуақас, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы