Ресейліктер EXPO көрмесіне ерекше қызығушылық танытып отыр

Ресейлік азаматтар Арқа төріндегі халықаралық көрмені көрумен қатар, ару қала Астананы тамашалауға ниетті.

Олар айтулы шара туралы ақпаратпен ашылу салтанатына дейін жүргізілген промо-науқандар арқылы таныс. Көршілес елдің ірі қалаларында Қазақстан жайлы деректі фильмдер сан мәрте көрсетілді. Соның арқасында туристер Ұлы дала еліне келетін бағыт-бағдарды алдын ала белгілеп алыпты.

Олег Рахманов, Череповец қаласының тұрғыны:

- Мен Қазақстанмен шекаралас Астрахан облысында азаматтық борышымды өтегенмін. Маған ондағы адамдардың қонақжайлығы ұнады. Енді жалпы Қазақ еліне саяхат жасасам ба деген ойым бар. Бірінші болып ЭКСПО көрмесін тамашалауды жоспарладым.

Денис Коновалов, Череповец қаласының тұрғыны:

- Астана қарыштап дамып, жылдан жылға гүлденіп келеді екен. Қазақстан, оның Астанасы жайлы деректі фильмдер көрдім. Аспанмен таласқан зәулім құрылыстарын көріп, Еуропа қалаларының бірі ма деп қаласың.