389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үшарал-Достық автожолының жөндеу жұмыстары биыл басталады

  • 444
  • UPD: 15:07, 29.06.2017
Үшарал-Достық автожолының жөндеу жұмыстары биыл басталады hqwall.net

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитет төрағасының орынбасары Амангелді Беков Үшарал-Достық автожолының жөндеу жұмыстары биыл басталатындығы жайлы мәлімдеді.

«Бұл мақсатқа биылғы жылдың бюджетінен қаржы қарастырылды. Қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мердігерді анықтау бойынша байқау процедураларын жүргізіп жатыр», – деді Амангелді Беков.

Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасарының мәліметінше келісімшартқа шілде айында қол қойылады деп жоспарланған.

«Жыл соңына дейін ескі жобалық-сметалық құжаттар қайта есептеліп, құрылыс жұмыстары басталады. Бұйыртса 2020 жылы толық аяқтаймыз», – деді спикер.

Хабар 24 телеарнасы