384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келер жылы елімізде медициналық сақтандыру жүйесі күшіне енеді

  • 449
  • UPD: 15:39, 29.06.2017

Елімізде 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі күшіне енеді.

Бүгінде аталған жүйенің үшінші кезеңі бойынша көпшілікке ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта Шымкентке арнайы ат басын бұрған еліміздің Денсаулық сақтау министірінің орынбасары Алексей Цой өңірдегі 150-ден астам кәсіпорын басшыларымен жүздесіп бағдарламаның тиімділігін түсіндірді.

Көпшілікпен пікір алмасып көкейлерін күпті етіп жүрген сауалдарға жауап берді. Жылдар бойы сараланып, ой елегінен өткізілген бағдарлама ұлт саулығын жақсартуға негізделген дейді министрдің орынбасары.

Бірінші шілдеден бастап жеке тұлғалар мен жұмыс берушілер жарна төлеуді бастайды. Кез-келген адам сырқаттанып қалған жағдайда өзінің жеке қорына жиналған қаржы ем-домына жұмсалады. Сондықтан әрбір тиынның сұрауы болады дейді мамандар.

Өңір басшысымен кездескен денсаулық сақтау вице-министрі облыстағы ауруханалар мен емханаларды біріктіру жұмыстарын бірлесіп атқару жайын қарады.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Медициналық мекемелерге ақпараттық технология жүйесін ендіру мәселесін көбірек қолға алып жатырмыз. Біз бірнеше мекемені аралап көрдік. Соның ішінде облыстық аурухана осы тәсілге біртіндеп қолданысқа енгізіпті. Яғни құжат аздау қағазбастылықтан арылтады. Жұмыс ашық әрі жариялы жүреді. Кез-келген азамат медициналық мекемеде сарылып кезек күтеп тұрмай электронды жүйе арқылы қай кезде келу керек екенін біле қояды. Бұл жүйе қарапайым халық үшін өте тиімді болмақ.

Хабар 24 телеарнасы