Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тіс дәрігері жетіспейді

  • 1510
  • UPD: 20:34, 29.06.2017

Еліміздің ауылдарында тіс дәрігері тапшы. Бұл туралы Қазақстан стоматологтар қауымдастығының президенті Сәуле Есембаева айтты.

Ауылдық жерлердегі тіс емханаларының дені жеке меншікке өткен. Ал жалпы еліміздегі 2600 астам стоматологиялық емхананың жартысынан көбі меншік нысандар.

Отандық мамандар осы олқылықтың орнын толтыру үшін сала мамандарының біліктілігін жоғарлатып, мемлекеттік тіс емханаларының санын арттыру қажет. Сонда ғана стоматологиялық қызметтің құны төмендейтін болады дейді. 

Сәуле Есембаева, Қазақстан стоматологтар қауымдастығының президенті:

– Бүгінде 6 факультет тіс дәрігерлерін оқытып шығарады. Сонда да осы мамандыққа сұраныс көп. Еліміздің кей өңірлерінде стоматолог мамандар тапшы. Сондықтан тұрғындар «Тіс ауырса, ауыз ішінде» деп денсаулыққа бей-жай қарауды әдетке айналдырып алған. Ауыз қуысының ем-домын дер кезінде жасамаса, денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді.

Хабар 24 телеарнасы