EXPO көрмесі туристер мен іскер адамдар үшін үлкен қызығушылық тудырады

Бундестаг депутаты Карин Штренцтың пікірінше, Астанада өтіп жатқан EXPO көрмесі туристер мен іскер адамдар үшін үлкен қызығушылық тудырады.

Неміс саясаткері Қазақстан астанасына сапарын асыға күтіп жүр. Оның айтуынша, Германия ЕХРО-ны бірегей алаң деп санайды. Себебі мұнда баламалы энергетика саласындағы озық жобаларды көруге де, көрсетуге де болады.

Карин Штренц, Бундестаг депутаты:

- Германия ЭКСПО-ның басталуын асыға күтті. Біздің ойымызша, Қазақстанның жаңартылған энергия саласында әлеуеті зор. Германия өзінің тың технологияларымен бөлісуге дайын. Айта кетейін Қазақстанға Бундестаг депутаттарымен қатар, көптеген кәсіпкерлер келеді. Осы ретте тиімді келісімшарттар жасалып, маңызды экономикалық байланыстардың орнайтынына сенімім зор.