386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді әскери адамдар қызмет кезінде діни рәсімдер мен жораларды жүзеге асыра алмайды

  • 698
  • UPD: 20:54, 30.06.2017

Еліміздегі зайырлы қағидаларды тереңдету, мемлекеттік діни конфессиялық қарым-қатынастардың өзара тиімді үлгісін қалыптастыру – бұл Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының негізгі мақсаттары.

Дін атын жамылған экстремистік және радикалды идеологиялардың таралуына жол бермеудің пәрменді тетіктерін қалыптастыруды көздейтін тұжырымдаманы осыдан екі күн бұрын Елбасы бекіткен болатын. Оны әзірлеуге қатысқан мамандардың айтуынша, құжаттың әскери қызмет саласымен ұштасатын тұстары да бар. Мәселен, еліміздің діни қызмет және дін бірлестіктері туралы заңнамасына сәйкес өзінің діни сенімін желеу етіп, әскери қызметтен бас тартуға ешкімнің құқығы жоқ.

Айнұр Әбдірәсілқызы, ҚР ДАҚМ дін істері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры:

– Бұл, әрине, әскери адамның діни сенімнен, нанымнан бас тарту керек екенін білдірмейді. Оның наным-сенімі, оның ішкі құқығы, ішкі сенімі мүддесі ретінде қалады. Дегенмен ол жұмыс уақытында, әскери қызмет арасында діни рәсімдер мен жораларды жүзеге асыра алмайды. Бұл шектеу тек осы тұрғыдан ғана маңызды. Сол секілді денсаулық сақтау саласында да зайырлы қағидаттарын жетілдірудің өзіндік маңызы бар. Мәселен, қазір кейбір азаматтарда кездесіп жататын діни негізді желеу ете отырып, вакцинациядан бас тарту немесе басқа да трансплантация жасату, донорлық, қан құю үкімінде, мүшелерді ауыстыру жөнінде де себепсіз діни негіздерді желеу ету оқиғалары кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы