389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев әуежайының жаңа терминалынан «Air Astana» халықаралық бағдарға ұшуын бастады

  • 616
  • UPD: 12:07, 01.07.2017
Н.Назарбаев әуежайының жаңа терминалынан «Air Astana» халықаралық бағдарға ұшуын бастады ru.astanaairport.kz

30 маусымнан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының жаңа терминалынан «Air Astana» әуекомпаниясы Франкфурт, Лондон, Париж, Бейжің, Үрімжі, Сеул бағдарына ұшуды бастады.

Биылғы 4-5 шілдеде халықаралық бағдар – жаңа 1-ші терминалмен, ішкі рейстер – 2-ші терминалмен атқарылады.

2-ші терминалдағы жолаушыларды тексерудің орталықтандырылған жүйесіндегі жаңа қондырғысы өткізу мүмкіндігін арттырып, ұшуға дайындық мерзімін барынша қысқартады.

Әуежайдың басқарма төрағасы Паоло Ричиоттидің айтуынша: «жаңа терминалдан шығатын барлық халықаралық бағдардағы ұшулар Астана әуежайын инфрақұрылымдық дамыту тарихындағы қорытынды кезеңіне көшу болып табылады».

Бүгінгі таңда Н.Назарбаев әуежайы – Қазақстандағы заманауи инфрақұрылымы ең соңғы үлгідегі нысан.

Хабар 24 телеарнасы