387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде колледж бітірген 40 түлек бірден жұмысқа орналасты

  • 642
  • UPD: 14:59, 03.07.2017

Колледж дуальді оқыту жүйесі бойынша бірнеше кәсіпорынмен әріптестік байланыс орнатқан. Нәтижесінде іс-тәжірбиеден өткен үздік студенттерге тұрақты жұмыс орындары ұсынылды.

Дипломды алған күні жұмысқа орналасқан түлектердің қуанышында шек жоқ. Бірі үлкен зауытқа барса, енді бірі жаңа мектептің электригі болады. 3 түлек көлікті техникалық тексеру орталығына механик болып орналасты.  Солардың бірі -Тұсынбек. Сабақты жақсы оқыған ол жұмыс істей жүріп, жоғары білім аламын дейді.

Тұрсынбек Бақтығалиев, колледж түлегі:

- Оқып жүріп, тәжірбиеден өтіп жүрдік. Тиімді, әрі, жақсы, көп жағынан. Біздер сол тәжірбие өтіп, көп стаж жинап, соның арқасында қазір жұмысқа орналастым. Бұл колледжге түскеніме өте қуаныштымын, бұл колледждің ұжымына барлығына алғысымды білдіремін. 

Биыл 201 түлек 7 түрлі жұмысшы мамандығын алып шықты. Еңбек нарығында электрик, газ-дәнекерлеушісі, авто-көлік механигі, техник-механик және электрмонтаждаушы мамандарына сұраныс бар. Түлектерді жұмыспен қамтуға кәсіпкерлер палатасы да ат салысып отыр. Студенттер арнайы мамандандырылған техникалық паркте білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алған. Үздік нәтиже көрсеткендерге жұмыс іздеуде жеңілдіктер болады.

Берік Жантурлин, жұмыс беруші кәсіпорын өкілі:

- Осы колледжбен 2 жылдай байланыстамыз. Қазір бітіріп жатқан жас мамандарды жұмысқа алудамыз. Біздің кәсіпорын көлік жөндеумен және оны техникалық байқаудан өткізумен айналысады.

Жыл сайын колледге түсетін студенттердің 70-80 пайызы мемлекеттік білім грантының иегерлері. Өткен жылы 112 түлек мамандық алып шықса, оның 96 пайызы жұмыс тапқан. 

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы