387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында «Ұлытау қымызы» этнофестивалі өтті

  • 526
  • UPD: 17:47, 04.07.2017

Қарағанды облысында дәстүрлі «Ұлытау қымызы» этнофестивалі өтті. Шара барысында  халқымыздың ұлттық сусыны дәріптеліп қана қоймай, ұмыт бола бастаған ұлттық ойындарымыз да насихатталды.

Жыл өткен сайын фестивальға келуші шетелдік туристердің саны артып келеді.

Халқымыздың ұлттық сусыны қымызды дайындау оңай емес. Бие сауу да бір өнер. Одан кейін оны күбіде шайқауда күш қажет етеді. Литвадан келген туристер алғаш рет қымыздың дәмін татты. Елімізде өтіп жатқан ЭКСПО көрмесін тамашалау үшін арнайы бет бұрған меймандар Ұлытау баурайындағы тарихи ескерткіштерді аралап, ұлттық дәстүрімізбен танысты.

Дайрюс Нармонтас, турист /Литва/:

– Біз фестивальге келгенімізге өте қуаныштымыз. Табиғаты тамаша! Халқы қонақжай екен. Бұл сапардан алған әсеріміз керемет.

Этнофестиваль барысында түрлі ұлттық ойындар да ұйымдастырылды. Бұл шара шеттен келген қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Соның ішінде оларды «Қатын күрес» сайысы таңқалдырды. Жарыс ережесі бойынша тек тұрмыс құрған әйел ғана жеңімпаз атанады. 

Маргарита Некрасова, турист /Ресей/:

 – Қазақ халықының салт-дәстүрін Ұлытауға келіп біліп көріп жатырмыз. Елордада аса қатты байқалмайды. Сондықтан Астанада жоғары технологиялық тұрғыда көрмелер өтіп жатса, аймақтарда халықтың мәдениеті мен дәстүрін көрсететін осындай фестивальдың өтіп жатқаны қуантады.

Ұлытауға соңғы кездері шетелдік туристердің қызығушылығы артып келеді.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Василий Савкин, Асет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы