378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайға келетін туристердің қатары көбейеді

  • 464
  • UPD: 18:15, 04.07.2017

«Қазақстанның Швейцариясы атанып кеткен Бурабайға биыл туристер жылдағыдан 30 пайызға көп келуі мүмкін», дейді мамандар. Бұл Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесімен тікелей байланысты.

Себебі көрмені көруге келген қарапайым қазақстандықтардан бастап, шетелдік мәртебелі меймандарға дейін Бурабайға аялдамай кетпейді. Мәселен, соңғы екі аптаның ішінде Щучье-Бурабай курортты аймағына 10 шақты елдің делегациялары келген. Қонақтарға мұнда 100-ден астам демалыс орны қызмет көрсетеді. Дегенмен туристердің көбісі Бурабайдың саф ауасымен демалып, табиғат аясында түнегенді құп көреді екен. Ал жақында көрші Қытай елінен келетін топ құрамында 100 көлігі мен 600-ға жуық саяхатшысы бар авто-керуен ЭКСПО көрмесінен соң, осы Бурабай табиғатын тамашалап, тарихымен таныспақ ниетте біршама уақытқа тоқтауды жоспарлап отыр екен.

Шынарбек Батырханов, облыстық туризм басқармасының басшысы:

– Бурабай одан кейін Көкше жеріне келеді. Көкшетау қаласының жанында 15 минуттық жерде «Елікті» саябағымыз бар. Соған тоқтатамыз. Ол жерде 600 адамды қабылдайтын арнайы орын дайындалып жатыр. Одан кейін олар Ақтөбе жағына кетеді. Көбі, әсіресе, шетелден келген қонақтар мынау 5 жұлдызды отельдарға Риксостан бастап, басқа жерге тоқтауға тырыспайды. Өзі табиғаттың ішінде, шатыр ұйымдастырып, таза ауада демалғандарын жақсы көреді.

Хабар 24 телеарнасы