Нұрлан Нығматулин Қытай павильонының ашылуына қатысты

Бүгін «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағында Қытай Халық Республикасының ұлттық күні аталып өтті.

Салтанатты шараға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Бүкілқытайлық xалық өкілдерінің жиналысы тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Шэнь Юэюэ қатысты. «Болашақ энергиясы» және «жасыл экономика» тек бірнеше мемлекеттің ғана емес, барша адамзаттың дамуы үшін өте маңызды әрі қажетті мәселе», деді Нұрлан Нығматулин. Мәжіліс төрағасының пайымдауынша, Қытайдың ЭКСПО көрмесіне қатысуы екі жақты қарым-қатынасты одан ары нығайта түседі. Аспанасты елі ұсынған «Болашақ энергиясы, жасыл жібек жолы» экспозициясы көрме аумағындағы ең ірі әрі қызықты жобалардың бірі.