384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана күні Каспий жағасында тойланды

  • 795
  • UPD: 15:41, 06.07.2017

Ақтаулық белсенді жастар Елорда күнін Каспий жағасында тойлап жатыр.

100-ге жуық жас маман мен студенттер еліміздің көк байрағын теңіз жағасында желбіретіп, флешмоб ұйымдастырды. Мемлекеттік туды айнала қоршаған жас буын Астана және Елбасы сөздерін бейнелеп, сап түзеді. Сондай-ақ патриоттық әндер шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ал қала мектептері жанынан ашылған жазғы лагерьлердің тәрбиеленушілері жағажай демалыс аймағында бас қосты. 5 топқа бөлінген балалар қанатты сөздерді ұрандатып, еліміздің бас шаһарына деген сүйіспеншіктерін ырғақты биімен жеткізді. Теңіз жағасында демалушылардың ықыласына бөленген жеткіншектерді өңірлік Ассамблея мүшелері алғыс хаттармен марапаттады. Мереке соңы спорттық сайыстарға ұласты.

Ақтоты Мұқаналы, жазғы лагерь тәрбиеленушісі:

- Біз бүгін теңіз жағасында Астана күнін тойлап жатырмыз. Осы жерде өз өнерімізді көрсетіп, флешмоб биледік. Астана мен үшін қымбат қала. Себебі Астана – еліміздің ең әдемі қаласы. Біз Қазақстанның жас патриоттары еліміздің дамуына үлес қосамыз!

Шұғыла Айтуарова, жазғы лагерь тәрбиеленушісі:

- Біз барлық ақтаулықтарды Астана күні мерекесімен құттықтаймыз! Бас қаламыз күннен-күнге көркейе берсін! Қазақстанның барлық тұрғыны бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрсін! Алға Қазақстан! Жаса Қазақстан!

Хабар 24 телеарнасы