376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде Астана күні ерекше тойланып жатыр

  • 633

Ақтөбеліктер де Астана күнін ерекше атап өтті. Мерекелік іс-шаралар жүздеген тұрғынның қатысуымен өткен вело-марафоннан басталды. Қос дөңгелекті тізгіндегендер қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті.

Елдігімізді ұлықтайтын мерейлі мейрамды тойлауға осы өңірде тұрып жатқан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері де атсалысты.

Достық үйіндегі 19 этномәдени бірлестіктің мүшелері түрлі шаралар ұйымдастырып, бар өнерлерін көрсетті. Кішкентай ақтөбеліктерді қызықтырған шараның бірі құлтемірлер көрмесі болды. Мұнда шеберлер балаларға құлтемір жасау жолдарын көрсетіп, құпияларымен бөлісті.

 

Хабар 24 телеарнасы