383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін павлодарлықтарға түсіндірді

  • 503
  • UPD: 15:38, 10.07.2017

Жеке клиникалар бұдан былай мемлекеттік медициналық ұйымдармен тең дәрежеде қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар тұрғындар емханаларды өздері таңдай алады. Денсаулық сақтау саласына енгізіліп жатқан мұндай жаңашылдықтар халыққа көрсетілетін дәрігерлік көмектің сапасын арттыруды көздейді.

Бұл күндері Парламент Мәжілісінің депутаттары өңірлерді аралап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндіріп жүр. Павлодарға келген Айгүл Нұркина, Айзада Құрманова және Александр Суслов жекеменшік медициналық орталықта болды. Емдеу мекемесі жуырда ғана амбулаториялық қызмет түрлерін көрсете бастады. Заманауи диагностикалық қондырғылармен жабдықталған орталықта  жоғары білікті мамандар қызмет етеді.

Айзада Құрманова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Енгізіліп жатқан медициналық сақтандыру жүйесіне жеке медициналық мекемелер және мемлекеттік медициналық мекемелер бірыңғай деңгейде қатысуға мүмкіндіктері бар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ең басты ерекшелігі - адамдардың өз талабына сай сапасы жоғары медициналық мекемелерді таңдауына мүмкіндіктері болады.

Хабар 24 телеарнасы