384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Қазақстан облысында «Туған жер» бағдарламасы қарқынды іске асырылып жатыр

  • 798
  • UPD: 21:04, 07.07.2017

Жанашыр азаматтардың демеуімен қайта түлеген ауыл көп. Соның бірі Сарқырама елді мекені.

Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Осыны ескерген кәсіпкер әуелі ауылының 3,5 шақырым жолын жаңалауды ұйғарыпты. Жол жиегі гүлге толы. Алда балалар үшін спорт кешені салынбақ.

Мұрат Төлтебаев, кәсіпкер:

- Бала кезімізден өз ауылымызды, елімізді жақсы көреміз. Сол себепті әрдайым елдің тыныс-тіршілігінен хабардармыз. Негізі менің мақсатымауыл бірінші кезекте балабақшамен, дәрігерлік емханамен қамтылуы керек. Одан бөлек спортқа баулу міндет.

Енді ауылға шағын емхана салып бермекші. Әрбір мереке тойланатын мәдениет үйін жаңартып қойды. «Ауылдың алты ауызы» әжелер тобы да осында жиылды. Ұрпаққа тәлім боларлық тағылымды іспен айналысуға мол мүмкіндік жасалды.

Зүлфия Дулатова, Сарқырама ауылының тұрғыны, батыр ана:

- Қазақтың ежелгі дәстүрі тұсаукесер, бесік той дегендерге әжелер қатысады. Соған келіндерді ертіп апарып көрсетеміз. Бұл не үшін қажет? Сол ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру үшін қажет. Соларға келешекте керек. Біз оларға дәстүрді дәріптейміз.

Ақсақалдар алқасы күн сайын қымызханада бас қосады. Ел жайын қозғап, шешімін күткен мәселелерді талқылайды. Сарқырама аты айтып тұрғандай сулы өңірде орналасқан. Ақсу ауылдық округіне қарайтын елді мекенде мыңнан аса түтін бар. Осы туып-өскен өңірінің өркендеуіне аянбай үлес қосып жүрген жомарт жанды іскер азаматтың тірлігі көпке үлгі боларлықтай.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы