387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ашық спорт алаңдарының саны артады

  • 624
  • UPD: 09:35, 10.07.2017

Бүгінде спортпен шұғылдану тек пайдалы шара ғана емес, сәнге де айналды.

Астанада осындай жаттығу құрылғылары бар залдардың ұзынсаны 50-ден асады. Алайда осында денсаулық түзеп, артық салмақтан арыламын десеңіз, өзіңізбен қатар қалтаңыз да жұқарады. Баға бұқараға қолжетімді болуы үшін билік спорт алаңдарын салатын кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетіп отыр.

Бүгінде спортпен шұғылдану – тек пайдалы ғана емес, сонымен бірге сәнге айналған іс-әрекет. Астанада осындай жаттығу құрылғылары бар залдардың саны 50-ден асады. Алайда мұнда келіп, денсаулығымды арттырып, салмақ түсіремін десеңіз, сізбен бірге әмияныңыз да арықтайды. Осындай залдарда шынығудың құны орташа есеппен айына 15 мың теңге. Дәл сол жаттығу жабдықтары Астананың әр түкпірінде орналасқан осындай спорт алаңдарында бар. Таза ауада қалаған уақытыңызда осында келіп, тегін шыныға беруіңізге болады.

Елордада мұндай спорт алаңының саны 600-ден асады. Ал олардың тең жартысына жуығы ашық аспан астында орналасқан. Жаттығушылардың саны әсіресе таңғы және кешкі уақытта көп. Бұл жерден жасты да, қарияны да кезіктерсіз.

Бұл жаттығу жабдықтарын жергілікті компаниялар жасап шығарады. Өндірушілер халықтың қауіпсіздігін де ұмытпаған. Ол үшін жерге резеңке жабын төселеді. Елімізде баламасы жоқ болғандықтан, шетелден әкелінеді. Құны шамамен шаршы метріне 6 мың 500 теңге. Жасанды көгал шөбіне екі жарым мың теңге төленеді. Осылайша 10 шақты элементтен құралған спорт алаңының жалпы құны шамамен 1 миллион 300 мың теңгеге жуықтайды.

Соңғы бес жылда мұндай құрылымдардың саны 6 есеге артқан. «Спорттық алаңына сұраныс көп», – дейді қала әкімдігінің мамандары. Себебі салауатты өмір салтын ұстанып, сымбатты болуға ұмтылатындардың қатары күн санап артып келеді.

Самат Ғабдуллин, Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшының орынбасары:

– Әлі отыздай спорт алаңы керек. Сондай өңірлер – Көктал, Күйген жар, Өндіріс. Алаңда оншақты сондай элемент болу керек. Бір элементке екі метрдей жер керек. Оның қасында ешкім болмау керек. Жаттығуда бір-біріне кедергі болмау керек.

Әр тұрғын үй кешені құрылыс нормалары мен талаптарға сәйкес осындай жаттығу кешенін салуға міндетті. Ал ескі үйлердің аулалары аудандық әкімдік есебінен қайта жаңғыртылады. Саябақтағы спорт алаңдарын салуға кететін қаражаттың жартысын жергілікті бюджет өтейді.

Авторлары: Мөлдір Доспаева, Ерзат Зайтхан, Еркебұлан Тілеуқазы 

Хабар 24 телеарнасы