384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанмен арадағы жол жөнделіп жатыр

  • 476
  • UPD: 08:04, 11.07.2017

Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданын Өзбекстанмен жалғайтын тас жолды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Құрық теңіз айлағынан шетелге жүк тасымалдауға жол ашқан «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолы ел тарихында аса маңызды көлік дәлізі саналады. Жол құрылысына Бейнеу ауданының жүзге тарта тұрғыны тартылған. Автомагистральды келер жылы аяқтау көзделген.

Оған республикалық бюджеттен 19,8 млрд теңге қарастырылып отыр. Жол қолданысқа берілген соң, екі ел арасындағы сауда-саттық айналымы арта түседі.

Айта кетейік, отандық тауар көлік және теміржол арқылы Ресейге, одан әрі Еуропаға шығаратын бірден-бір қатынас жолы Маңғыстаудан тарайды. Бұл мұнайлы өңірдің тәуелсіздік жылдары ірі көліктік логистикалық орталыққа айналғанын көрсетеді.

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

- Иран сияқты мемлекеттерге, Ресей, Кавказ, Түрікменстан мемлекеттеріне, Өзбекстанға бүгінде тікелей жолдар ашылып, бүкіл дүниежүзінің қарым-қатынасының үлкен қақпасына айналды. Орта есеппен есептегенде 68%-ға дейін Қытай мемлекетіне шығатын үлкен жолдың торабы бүгінде осы Ақтау, Маңғыстау жері арқылы өтіп жатыр. Осының бәрі – Тәуелсіз Қазақстанның мүмкіндіктері.

Болат Досов, Бейнеу аудандық мәслихатының депутаты:

- Өзбекстанға жол Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Сарығаш ауданында ғана бар екен. Енді міне, тас жол, автомобиль жолы салынатын болса, іргелес жатқан мемлекетпен ара-қатынас, сауда-саттық, экономикалық байланыс дами түсетіні анық және біздің елді мекенде көпшілігі осы көрші мемлекеттен көшіп келгеніне байланысты өздерінің тума-туысқандарына, ағайындарына жол жақын болатын болды.

Хабар 24 телеарнасы