389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда кітап сөрелері пайда болды

  • 1262
  • UPD: 09:56, 12.07.2017

Талдықорғанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты буккроссинг жобасы жүзеге аса бастады. Осылайша қала бойынша үш жерде еркін кітап алмасу орны ашылды.

Кітап сөрелері тұрғындар ең көп келетін «Жастар» саябағы мен Арбатқа жəне Қаратал өзенінің жағалауына орналастырылды. Онда алты жүздей кітап қоры бар. Қала тұрғындары бұл жерден қалаған кітабын алып оқи алады. Бірақ оның орнына өзінің жеке кітапханасынан басқа бір кітапты əкеліп өткізуі тиіс. Сондай-ақ олар өздері оқыған туындылары жайлы пікір қалдыра алады.

Букроссинг жобасының мақсаты – оқырманды көбейтіп, таным көкжиегін кеңейтуге құлшынысын арттыру.

Айдар Башбаев, Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

– Француз философы Дидроның «Кітап оқуды қойған адам – ойлауды да қояды» деген сөзі бар. Сондықтан біздің басты мақсатымыз – қала тұрғындарына кітап сыйлау. Өзара кітап алмасып, барынша рухани жаңғырту, сананы жаңғырту, ішкі жан дуниені жаңғырту үшін бірінші кезекте кітап оқу керек деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы