389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ауа температурасы нормадан төмен болады

  • 856
  • UPD: 15:41, 12.07.2017
Елімізде ауа температурасы нормадан төмен болады Фотосайт

2017 жылғы 13-15 шілдеге арналған ауа-райы болжамына сәйкес Қазақстан аумағына арктикалық теңіз жағалауынан салқын және ылғалды ауаның келуі әлі де жалғасуда.

Сондықтан республиканың көптеген облыстарында өткен тәуліктерде кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы климаттық нормадан 2-5ºС төмен болды. Тек республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында ауа температурасы нормадан жоғары, бірақ 40 градус ыстықсыз болды.

Республика аумағында алдағы үш тәулікте солтүстіктен әлі де ауа массаларының келуі жалғасады, соған байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ, күшті екпінді жел соғып, ауа температурасы  нормадан 3-5ºС төмен болады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы