Еліміздің үздік дизайнерлері елордада бас қосты

EXPOFashionFest аталатын фестиваль отандық шеберлерге ашық аспан астында сәнді киімдер көрсетілімін өткізуге мүмкіндік берді.

Сонымен бірге әртүрлі шеберлік сағаттары мен сауда орындары да ұйымдастырылған. Бағалары нарықтағыдан арзандау. Үздік туындылар арасында тек заманауи үлгідегі ғана емес, ұлттық нақыштағы киімдер де бар.

Әйгерім Сүйіндікова, ұйымдастырушы: 

- Фестивальдің ЭКСПО аясында өтуі бізді қуандаты. Өйткені, отандық дизаинерлер үшін бұл өз өнері мен туындысын көпшілікке танытуға жақсы мүмкіндік. Шараға 36 дизаинер қатысып жатыр.