383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада веложарыс бойынша ашық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

  • 485
  • UPD: 13:14, 17.07.2017
Астанада веложарыс бойынша ашық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды astana.gov.kz

13-16 шілде аралығында «Астана Орманы» ЖШС жасыл белдеуінің өтпежолы» веложарыс аумағында КСРО спорт шебері Михаил Ильяновты еске алуға арналған ашық чемпионат өтті. Жарысқа 50-ден астам спортшы қатысты.

13 шілдеде 10 шақырымға жеке жарыс өтті. Бірінші орынды 15 минут 26 секунд нәтижесімен Даниял Болатов иеленді.14 шілдеде 21 шақырымға топтық жарыс өтті. Олег Лихтенберг чемпион атанды.

15 шілдеде 30 шақырымдық топтық жарыста Олег Лихтенберг тағы да чемпион атанды.

16 шілдеде 17 шақырымға шақталған жарыс өтті. Бұл кезеңде Игорь Житняковский жеңіске жетті.

Әйелдер арасындағы жарыста Любовь Репп чемпион атағын ұтып алды. «Жас жарысшы» аталымы бойынша Батырхан Қуанышев жеңіске жетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің барлығы сыйлықтармен, медальдармен және Астана қ. дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржікбаевтың қолы қойылған дипломдармен марапатталды.

Веложарысты «Астана Орманы» ЖШС-нің қолдауымен «Астана қ. дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және Астана қ. әкімдігінің №6 олимпиада резервіндегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы