386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Электронды хаттама» жобасы іске қосылды

  • 831
  • UPD: 19:39, 17.07.2017

Жол жүру ережесі бұзылған жағдайда айыппұл енді электронды түрде рәсімделеді.

Бүгін қалалық ішкі істер департаментінде ТМД төңірегіндегі тың жобаны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет таныстырды. Осылайша, айыппұлды рәсімдеу уақыты қысқарып, сол сәтте базаға тіркеледі.

Азаматтардың телефон нөміріне немесе электронды поштасына заң бұзушылықты тіркеуге қатысты хабарламалар жіберіліп отырады. Әзірге Астанадағы 50 полицейге арнайы планшеттер таратылды. Жыл аяғына дейін пилотты жоба еліміздің өзге өңірлерінде де енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Бағлан Бекбауов, ҚР Бас прокуратурасы комитет төрағасының орынбасары:

- Электронды протокол істелінгеннен, құрылғаннан бастап базада сақталатын болады. Ол бірінші себеп. Екіншісі оның тіркелу мерзімі дәл сол сәтте. Екі-үш күннен кейін тіркеліп, екі-үш күннен кейін айыппұл шығып жатпайды. Үшіншісі, ол протоколды өзгертуге мүмкіндік жоқ. Протокол бекітілді, сақталды, болды сол күйі қалды.

Хабар 24 телеарнасы