386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы машина құрастыру зауыты жаңа деңгейге көтерілді

  • 1043
  • UPD: 23:25, 20.07.2017

Атырау машина жасау зауыты мұнай қондырғыларын құрастырушы шетелдік әріптестерін еліміздің ішкі нарығынан ығыстыра бастады. Үдемелі индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы негізінде 5,5 млрд теңге жеңілдетілген несие алған мекеме енді өндірісті одан әрі жетілдіруді қолға алып отыр. Жаңа жоба толық іске қосылғанда зауыт салмағы 1100 тонналық қондырғыларды шығаратын болады.

Бұл автоматты дәнекерлеу қондырғысы зауыттықтардың мақтанышы десек артық айтқандық емес. Оның артықшылығы ешқандай от ұшқынысыз, түтінсіз ал бастысы ешқандай қол күшінсіз сапалы да, жедел жұмыс атқарады. Бұл жерде қалыңдығы 70 мм-лік болат жаймалардан болашақ қазандар құрастырылуда. Осы салада 17 жыл еңбек өтілі бар дәнекерлеуші Арман Сатымханов жаңа автоматты жүйенің артықшылығын бөлісті. 

Арман Сатымханов, автоматты дәнекерлеу қондырғысының шебері:

- Біз осы 2 мектрлік металлды 90 секундта өтеміз. Бұрын оған есе артық уақыт кететін. Автомат түрінде жақсы құйылады. корновой сосын горячий құямыз сонымен жабамыз, өте сапалы.

Диаметрі 3,5 метрлік мына сепортар батыс өңірдегі мұнай өндіруші компанияның тапсырысы бойынша құрастырылуда. Оның ұзындығы 18 метр, салмағы 125 тоннаны құрайды. Қондырғы химиялық реагенттер сақтауға арналған. «Химиялық  қосындыларды сақтау үшін қазан аса сапалы, берік металдан жасалауы тиіс»,- дейді мамандар.

Мақсот Ишаев, бас директордың орынбасары:

- Мына жасалып жатқан «сепаратор» деп аталады. Бұлар планированный болаттан жасалған. Осындай қондырғылар бұрындары Еуропада жасалынып, Қазақстанға әкелінетін. Енді өзіміздің Қазақстанда шығарып жатырмыз.

Еуропалық, америкалық әріптестерімен тең дәрежеде бәскелестікке түсіп келе жатқан кәсіпорын, өндірісті ұлғайтуды қолға алған. Себебі, батыс өңірде қазір 400-ден астам мұнай-газ өндіруші компания бар Олар енді қажет қондырғыны алыстан емес Атыраудан алуға мүдделі. Сол себепті мемлекеттен 5,5 млрд теңге жеңілдетілген несие алған отандық компания жаңа қуаттарды іске қосуды қолға алған.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Жаңа цех зауыттықтарға мұнайшыларға қажет мұнан да күрделі, мұнан даүлкен алып қазандарды құрастыруға мүмкіндік береді. Себебі, осы цехта құрастырлатын әрбір сепаратордың диаметрі 16, ұзындығы 100 метр, ал салмағы 1100 тоннаға жетеді екен.

Авторлары:  Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы