389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда тастағы суреттер көрмесі ұйымдастырылды

  • 1236
  • UPD: 07:54, 21.07.2017

Қарағанды тарихи-өлкетану музейінде «Туған жер» бағдарламасына орай «Балқаш қаласының тастағы суреттері» атты көрме ұйымдастырылды.

Онда Бектау ата тауынан табылған туындылар қойылған. Бұл сирек суреттер қола және ерте темір дәуіріне тиесілі. Балқаш өңірінің петроглифтері көрмесін қарағандылықтар биыл алғаш рет тамашалады. Шараны ұйымдастырған мамандар бұл жолы 70-ке жуық жәдігер алып келген. Оның ішінде құнды қолөнер туындылары мен батырлардың қару-жарақтары да бар.

Ержан Нұрмағанбетов, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры:

- Бұл кісілер кейбір сынықтарын әкелген. Оның үлкен тәрбиелік мәні бар. Тек суреттен ғана көрмей, таста салынған суреттерді өскелең ұрпақ, оқушылар қолмен ұстап, көзбен көреді. Мысалы, сол Бектау атадағы таста салынған суреттерге әркім бара алмайды ғой. Оған тек мамандар ғана жете алады.

Хабар 24 телеарнасы