389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің басым бөлігінде ауа райы ыстық болады

  • 527
  • UPD: 10:24, 22.07.2017

Алдағы күндері еліміздің солтүстік бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Кей өңірлерде бұршақ жауып, желдің екпіні күшейеді. Ал Қазақстанның басқа аймақтарында ыстық ауа температурасы сақталады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, оңтүстік және батыс облыстарда сынап бағанасы күндіз 40 градусқа дейін көтеріледі. Ал Шығыс және Орталық Қазақстанда бұл көрсеткіш 35 градусқа жетеді.

Айдана Абықан, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

– Астана қаласында алдағы 3 күн жауын-шашынсыз болады. Түнгі ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Яғни 14-16 градустан 19-20 градусқа дейін жылынады. Ал күндізгі ауа температурасы 28-33 градус жылыны құрайды. Алматы қаласында да алдағы күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі ауа температурасы 18-20, күндіз 32-34 жылыны құрайды.

Хабар 24 телеарнасы