386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атбасарда 11 үйдің құрылысы басталды

  • 527
  • UPD: 11:46, 22.07.2017

Ақмола облысының Атбасар қаласында әрқайсысы 45 пәтерлі 11 үйдің құрылысы басталды. Жаңа баспана биыл су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үлестіріледі.

Қазір құрылыс алаңында үйлердің іргетасын қалауға дайындық жүріп жатыр.

Атбасарда көктемгі су тасқынынан кейін 400-ден астам отбасы баспаналарынан айырылған болатын. Олардың үштен бірі қазір жергілікті әкімдік ұсынған жалдамалы пәтерлерде тұрып жатыр. Ал қалғандары туыстарының үйін паналап жүр.

Айта кетейік, ауданда апаттан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіру үшін әзірге облыстық бюджеттен 513 млн теңге қаржы бөлінген. Қалған қажетті қаражат алдағы уақытта ел қазынасынан сұралады.

Оразәлі Оразәлиев, мердігер:

– Біз бұл үйлердің алғашқы бесеуін осы жылдың соңына қарай тапсырамыз. Ал қалғандары жоспар бойынша келесі жылдың мамыр айында аяқталады. Құрылысты кестеге және келісімшартқа сай сапалы жүргізуге тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы