387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық ауруханада тегін медициналық көмек көрсетіледі

  • 725
  • UPD: 19:11, 22.07.2017

Еліміздегі алып шаһар Алматыдағы Президенттің іс басқармасына қарасты Орталық клиникалық ауруханада республика аумағынан келген науқастарға тегін медициналық қызмет көрсетіледі. Бұл үшін жергілікті емханаларда аталған ауруханада тегін ем қабылдауға құжат рәсімдеу керек.

Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған ауруханада жоғары білікті мамандар жылына 4 мыңға жуық операция жасайды. Бүгінде ауруханада жүрек ауруымен ауыратын науқастарға стенд қою, шунттау, жүрек ырғағы бұзылғандарға кардиостимулятор қою операциялары сәтті өткен. 

Қайрат Кәрібаев, жоғары дәрежелі дәрігер-кардиолог:

– Бізде тек қана кардиология және нейрохирургия емес,  басқа да бөлімшелерде тегін медицина көмегін көрсетеміз. Ол гинекология, травматология, хирургия, көз аурулары, лор аурулармен келгенде тегін көмек жасаймыз. Диагностика тұтас, ота науқастарға тегін болады.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген науқастар «Ауруханаға жатқызу бюросы» арқылы тегін медициналық көмекке қол жеткізе алады. Инновациялық әдістермен жасалатын операциядан кейін олардың  аз уақытта оңалып кетуге мүмкіндігі бар. 

Гүлбаяс Азизова, емделуші:

Мен ауыр жағдайда осы ауруханаға түстім. Дәрігерлер жедел шешім қабылдап, ота жасады. Қазір жағдайым жақсы. Дәрігерлерге айтар алғысым шексіз.

Аурухананың нейрохирургия бөлімі дәрігерлерінің ми қантамырларына жасаған операциялары да оң нәтиже көрсетіп отыр. Олар жақында ғана Ресей, Еуропа және Оңтүстік Кореядан келген 150 дәрігерге шеберлік сабағын өткізді. Болашақта бөлімді инсульт орталығына айналдыру да жоспарланған.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы