Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 136
384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық автовокзал енді жолаушыларға үш тілде қызмет көрсетеді

  • 682
  • UPD: 18:53, 24.07.2017
Елордалық автовокзал енді жолаушыларға үш тілде қызмет көрсетеді Vietphrase.com

Халықаралық EXPO-2017 көрмесін өткізу аясында қалалық автовокзалда анықтамалық-ақпараттық ресепшн ашылды, деп хабарлады «Сапаржай-Астана» ЖШС директорының орынбасары Жарқын Бекжанов. 

Жаз басталғалы жолаушылар ақпаратты үш тілде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ала алады.

Өзгеріс тек жолаушылар қызметінде ғана орын алған жоқ.

Биыл автовокзал қайта жөндеуден өткізілуде. Күту залында еден жабындысы ауыстырылып, сыртқы келбеті жартылай өзгертілді. Жұмыс толығымен екінші жарты жылдықта аяқталады. Қазіргі таңда кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Барлық құрылыс жұмыстары жолаушылар кешенінің жұмысына еш кедергі келтірген жоқ.

«Қазір жолаушылардың жайлылығы үшін автовокзал аумағында ана мен бала бөлмесі, асхана, кафетерий, дүңгіршектер, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретхана бар», деп хабарлады Ж. Бекжанов.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы