389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда тұрғындар 8 млн теңгеден астам салықты артық төлеген

  • 585
  • UPD: 11:32, 24.07.2017

Атырау қалалық прокуратурасы түрлі топтағы мүгедектер мен көп балалы аналардың және ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың салық кодексімен белгіленген жер, көлік, мүлік салықтарын артық төлеп келгендігін анықтады.

Аталған санаттағы 1402 азамат өз құқықтарын білмеу салдарынан 8 млн теңгеге жуық артық салық төлеген. Осыған байланысты Салық Кодексінің 602-бабына сәйкес аталған азаматтар өздерінің мәртебесін растайтын анықтамамен мемлекеттік кірістер басқармасына барып, арыз жазу арқылы артық төленген салық соммаларын қайтаруға немесе алдағы төлемдерді төлеу есебіне аудара алады. 

Әділет Нұрбаев, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:

- Қазіргі уақытта қала прокуратурасы аталған санаттағы тұлғалардың артық төленген салық төлемдерін уәкілеттік органдармен бірлесіп, кері қайтару мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасына ұсыным енгізді.

Хабар 24 телеарнасы