386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда жол ақысы өседі

  • 568
  • UPD: 07:35, 27.07.2017

Көкшетауда келесі айдан бастап қалалық қоғамдық көліктердегі осыған дейін 60 теңге болған жол жүру ақысы 80 теңгеге көтеріледі. Бұған шаһардағы автопарк шығындарының көбейіп кетуі себеп.

Өйткені қазір жанармайдан бастап, автобустардың қосалқы бөлшектеріне дейін қатты қымбаттаған. Мәселен, бір ғана дөңгелектің бағасы 2 есеге өскен. Оның үстіне 12 санат бойынша адамдар яғни, 3 мыңға жуық тұрғын тегін тасымалданады. Бұған жылына 100 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады. Сондықтан автопарктер жаңа көліктер сатып алу үшін қалалық мәслихаттың қарауына жол ақысы 117 теңге болса деген ұсыныс берген. Алайда депутаттар бұл ұсынысты қабылдамай, тек 80 теңгеге көтеру туралы шешім шығарды.

Жалпы Көкшетауда қазір жолаушылар тасымалымен 4 бірдей автопарк айналысады. Күніне 146 автобус 38 бағытта қала көшелеріне шығады.

Әсия Шәрімова, қалалық автобус паркінің бас директоры:

– Осы жылға дейін кредитке субсидия алып отырғанбыз. Биыл ол субсидия да жоқ. «Дамудың» ақшасы жоқ деп, оны да бермей жатыр. Сондай қиын жағдайда отырмыз қазір. Екіншіден, біз қазір автобустарды жаңарта алмаймыз. Өйткені күнімізді қазір әрең көріп отырған заман деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы