386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қауіпсіздік комитеті жас офицерлермен толықты

  • 521
  • UPD: 20:45, 27.07.2017

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті жас офицерлермен толықты.

Бүгін Алматыда 122 түлекке «лейтенант» шені мен жоғары оқу орнын бітіргендігі жөнінде диплом тапсырылды. Олардың ішінде 31 түлек үздік дипломмен марапатталды. Салтанатты жиынға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, түлектердің туған-туыстары мен ардагер офицерлер қатысты. Көп жылғы тарихы бар академия отандық арнайы қызметке офицерлер дайындайтын ұстахана саналады. Түлектер тиісті демаласынан кейін жолдама берілген болашақ қызмет орындарына жіберіледі.

Кәрім Мәсімов, ҚР ҰҚК төрағасы:

- Академияның алдында тұрған маңызды міндеттің бірі – заман талабын ескере отырып оқу үдерісін жетілдіру. Құрметті түлектер, сіздер әлемде күрделі геосаяси жағдайдың қалыптасып жатқанын жақсы білесіздер. Жаңа қауіп-қатерлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне деген талапты ерекше күшейтеді.

Хабар 24 телеарнасы