387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да «Шығыс» қолбасшылығының өңірлік артиллериялық бөлімдеріне жауынгерлерді қабылдау жүріп жатыр

  • 595
  • UPD: 11:57, 28.07.2017

Оған 4 əскери гарнизонның сарбаздары іріктелмек. 2000-нан аса əскери қызметкер Семей маңында бас қосты.

Əртүрлі гарнизоннан жиналған қатысушылар жыл сайынғы артиллериялық бөлімдерге іріктеуге үміткер.

Бүгінде ол жерде оқу-жаттығу жұмыстары жүріп жатыр. Бригада командирлері қатысушылардың нысанаға оқ ату қарымдарын тексеруде. Бейбіт күндегі мұндай тəжірибенің өзі алаңдатады. Дегенмен 600 əскери техниканы тізгіндеген сардарлар ел тыныштығы үшін еңбек ететініне сендірді.

Елгелді Оралбаев, артиллериялық бригада командирі:

– Жалпы осныдай жаттығудың жылда өтуі жақсы тәжірибе береді деп ойлаймын. Жеке құрам өте жақсы дайындалады.

Талғат Исмаилов, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы əскери қолбасшысының бірінші орынбасары:

– Мен қатысушылардың дайындығын жақсыға бағалаймын. Əскери жəне тактикалық оқу жұмыстарын қолбасшылық, басқарманың барлық деңгейдегі офицерлік құрамы, тактикалық бөлімі күндіз-түні өткізіп жатыр.

Бұл күні журналистер де əскери өмірдің тынысына бойлауға мүмкіндік алды. Қаламды қаруға алмастырмас бұрын тілшілер қауымына отандық сақтық желеттері табысталды. Əскери полигонда оқ атып, «Арлан» əскери көлігін жүргізіп көрген БАҚ өкілдерінің əлеуеті жаман емес екен. Ал артиллерия бөліміне үміткерлердің мүмкіндігі əлі де сыналмақ.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Руслан Шакабаев, Анатолий Тернов, Медет Өмірханов,

Хабар 24 телеарнасы