389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы ХҚКО-да дайын құжаттарды беретін маман саны көбейді

  • 382
  • UPD: 14:58, 28.07.2017

Бұрын орталықта дайын құжаттарды 3 маман ғана беретін болса, қазір олардың саны 10-ға жетті.

Орталықтағы қызметкерлер кей күндері мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Сондықтан операторлар штатын 43-ке арттырған. Тұрғындар енді тар, әрі ыстық ғимарат ішінде кезек күтіп отырмайды. Күту залын жарақтандырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ медициналық анықтаманы да осы ғимараттың бірінші қабатынан алуға болады.

Мұхамадияр Исматов, Астана қаласы бойынша ХҚКО департамент директоры:

 – Бүгінгі таңда біз Мирзояна көшесіндегі біздің ХҚКО -да пилоттық режимде мерзімінен өткізіп алған және жоғалтып алған жүргізуші куәлігін сол жерден алуға болады. Бұл жерге қаланың сыртына келудің қажеті жоқ.

Хабар 24 телеарнасы