388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада балалардың терезеден құлау фактілері жиілеп кетті

  • 932
  • UPD: 17:47, 28.07.2017
Астанада балалардың терезеден құлау фактілері жиілеп кетті SpbInweb.Ru

Астана қаласында 27 шілдеде Сарыарқа ауданы, Күмісбеков көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйде қараусыз қалған 2014 жылғы бала қайтыс болды. Ол үйдің терезесінен құлап түсті.

«Жаз басталғалы бері  балалар үйде ересектерсіз жиі қалады,  бұл кезеңде өрт пен жазатайым оқиғалар көп болады дейді», – төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі.

«Статистика мәліметтеріне қарасақ, Астанада жыл басынан бері 9 бала жарақаттанды, оның бесеуі ауруханаға жатқызылса, төртеуі мерт болды және бір бала терезеден құлаған сәтінен құтқарылған. Бұл оқиғалардың бәрінде балалар үйде жалғыз қалған кезде болған. Құтқарушылар тек бір баланы өлімнен арашалап үлгерді, бірақ қайғылы жағдай орын алған фактілер де бар. Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Біз тек осылай ғана балаларыңызды құтқара аламыз», – деп айтты Руслан Иманкұлов.

Хабар 24 телеарнасы