385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астананың Мамандандырылған ХҚКО жұмысы оңтайландырылды

  • 763
  • UPD: 12:24, 01.08.2017
Астананың Мамандандырылған ХҚКО жұмысы оңтайландырылды Today.kz

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев елордалық Мамандандырылған ХҚКО-дағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық қатерлеріне сыртқы талдауды жүргізу бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын тексерді.

Көрсетілетін қызметті алушылармен кездесуде азаматтардың әкімшілік кедергілерге, бюрократиялық рәсімдерге, атап айтқанда мамандандырылған ХҚКО-дағы тиімсіз менеждмент пен бизнес-процестердің әлсіз ұйымдастырылуына наразы екенін көрсетті. Бұл өз кезегінде үлкен кезектерге, делдалдардың пайда болуына, мерзімдердің негізсіз ұзаруына жағдай жасады.

Мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғаммен бірлесе қабылдаған шаралар нәтижесінде Мамандандырылған ХҚКО жұмысы айтарлықтай оңтайландырылды.

Кезектерді жою үшін Мамандандырылған ХҚКО ғимараты өзіне-өзі қызмет көрсету, құжаттарды қабылдау, күту, дайын құжаттарды беру секторларына бөлінді. Бұл ретте құжаттарды қабылдау секторына тек талон арқылы ғана кіруге болады, осылайша құжаттарды кезектен тыс тапсыру жойылады.

Егер бұдан алдын құжаттарды қабылдауды 40 оператор, оларды беруді үш оператор ғана жүзеге асырған болса, қазіргі таңда дайын құжаттарды беру терезелерінің саны артты (3-тен 10-ға дейін) және қызмет алушы құжаттарды алған соң оннан астам сақтандыру компанияларының бірін таңдау арқылы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисін рәсімдей алады. Бұл делдалдардың қызметі мен мүмкін болатын алаяқтық фактілерді жойды.

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін қабылданған шешімдердің бірі – салық органдары мен әкімшілік полицияның ақпараттық жүйелерін ықпалдастырылуы болып табылады. Бұл өз кезегінде көлік құралының тіркелу орнына қарамастан, қарыздың болмауы туралы анықтаманы ұсынбауға мүмкіндік береді.

Көлік құралының бастапқы есепке алуға қарамастан, оны тіркеу бойынша бұған дейін енгізілген эксаумақтық қағидат іс жүзінде іске аспаған еді.

Сондай-ақ әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға (мүгедектерге, жүкті әйелдерге және басқаларға) арналған арнаулы терезе жұмыс істейді.

Мамандандырылған ХҚКО-ның тағы бір ерекшелігі ретінде балаларға арналған бөлменің ашылуы және мультикассалар мен cash-терминалдарының көптеп орнатылуын айтуға болады.

Медициналық тексерістен жылдам және сапалы өту мақсатында қосымша дәрігерлер бірліктері (психиатр, нарколог және терапевт) бөлінді, электронды кезек енгізілді, медициналық қызметтің ақысын төлеу үшін 2 терминал орнатылды. Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлердің жұмыс уақыты Мамандандырылған ХҚҚО кестесіне сәйкестендірілді.

Автокөліктер агрегаттарын сәйкестендірудің екінші ангары ашылды. Оның ішінде терминалдар арқылы азаматтар өздерінің айыппұлдарын немесе салық қарызын анықтауға және ақысын төлеуге толық мүмкіндіктері бар.

Қолға алынған шаралар нәтижесінде Мамандандырылған ХҚКО қызмет алушылардың күту уақыты 79%-ға, ал қызмет көрсету уақыты 58%-ға қысқартылды.

Одан бөлек Мамандандырылған ХҚКО жұмыс кестесінің ұзақтығын 23.00-ге дейін ұзарту ұсынылды. Сонымен қатар, жексенбі күні қызмет көрсету мен онлайн режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті қосу қажеттілігі айтылды.

Агенттік Мамандандырылған ХҚКО жұмысын жақсарту бойынша халықтан ұсыныстарды қабылдауға дайын екенін мәлімдейді.

Агенттіктің интернет-ресурсында арнайы айдар жұмыс жасауда. Онда азаматтар көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасы бойынша өз ұсыныстары мен ескертпелерін қалдыра алады.

Мамандандырылған ХҚКО астаналық тәжірибесі мен азаматтардан түскен ұсыныстар – ХҚКО қызметін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызмет көрсету орындарының жұмысын жақсарту, жобаның іске асырылуы барысында ескеріледі.

Аталған ескертпелер халықтың мемлекеттік органдарға және билікке деген сенімділігіне әсер етеді.

«Тұтынушыға бағытталу» қағидасын жүзеге асыруға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында, сонымен қатар, азаматтардың мемлекеттік қызмет алуда қолайлығы үшін мемлекеттік қызмет көрсететін басқа да нысандарда тәртіп орнату бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады.

Хабар 24 телеарнасы