376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде депутаттар пробация туралы заң жобасын талқылады

  • 651
  • UPD: 07:24, 02.08.2017

Мәжіліс депутаттары Василий Олейник пен Снежанна Имашеваның өңірдегі қылмыстық-атқару саласы мамандарымен болған кездесуінде пробация заңы аясында әңгіме өрбіді. Депутаттар бұрын сотты болғандарды оңалту, оларға әлеуметтік кепілдіктер беру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар өңірдегі қылмыскерлердің жазасын өтеу орындарында 30 шағын кәсіпорын мен кәсіби колледждер пайда болғанына оң баға берді.

Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Адамдар көбіне тығырықтан жол таппай қалған кезінде, материалдық қиын жағдайға тап болғанда, жұмыссыздық жайлағанда қылмыстық әрекеттер жасайды. Негізінде кез келген адамның жұмысқа орналасуы оның табыс тауып, өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жол ашады. Тұрақты жұмысы бар адам қылмыс жасаудан аулақ болады.

Хабар 24 телеарнасы