378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жүк тасымалымен айналысатын әуе компания болады

  • 463
  • UPD: 12:34, 02.08.2017

 Ол үшін жыл соңына дейін 2 ұшақ сатып алу жоспарда бар. Қазір бұл жұмысты «Қазақстан Темір Жолы» мен «Эйр Астана» бірлесе атқарып жатыр. Елбасының Ұлт жоспары аясында ұлттық әуе компаниясы 2021-інші жылға дейін 10 қанатты көлік сатып алуды көздеп отыр.

Сөйтіп жолаушылар транзитін жылына 1,6 млн адамға дейін ұлғайтпақ. Бүгін бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингте Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Алик Айдарбаев хабарлады.

Алик Айдарбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары:

– Осы күнге дейін Қазақстанда жүк тасымалдайтын әуе компаниясы болмаған. Қазіргі таңда бізге шетелдіктердің қызметіне жүгінуге тура келеді. Ал жаңа компания жүк тасымалы нарығында өз орнын табады деген сенім мол.

Министрлік Ұлт жоспарының 17 қадамына жауапты. Оның аясында құрылыс саласындағы рұқсат беретін құжаттарды бір терезеден алудың үш сатылы қағидасы енгізіледі. Сөйтіп экскиздік жобалар бойынша тиісті органдардың келісімін алу мерзімі 60 күннен 17 және 6 жұмыс күніне дейін қысқарады.

Бүгінде бұл салада жүргізілген реформалардың нәтижесінде Қазақстан әлемдік рейтингте 2015-інші жылмен салыстырғанда 130 сатыға көтерілген. Қазір біздің еліміз 22-ші орынға тұрақтады. Бұл «Doing Business 2017» компаниясының есебі.

Хабар 24 телеарнасы