389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында су тұщыту зауыты салынады

  • 747
  • UPD: 21:46, 02.08.2017
Маңғыстау облысында су тұщыту зауыты салынады

Маңғыстау облысында ауызсу мәселесі өзекті.

Сондықтан бұл мәселені шешудің бірден бір жолы – су тұщыту зауытын салу. Сол себепті бүгін өңірге ресми сапармен «BeltWay Group Limited» компаниясының директоры Әли Мохамад пен «Астана Қызмет-КЗ» ЖШС директоры Болат Ыдырысбаев, «SafBon Water Service (Holding) Inc.» мекемесінің бас менеджері Ванг Ксиан келді. Олар Маңғыстау облысында су тұщыту зауытын салуды көздейді. Олар арнайы жоба дайындап, облыс әкімі Ералы Тоғжановқа және жиынға қатысушыларға таныстырды.

Айта кетейік, «BeltWay Group Limited» компаниясы 1995 жылы Шанхайда құрылған. Бүгінде мекеме әлемдік деңгейде түрлі сала бойынша қызмет көрсетіп келеді.

«BeltWay Group Limited» компаниясының директоры Әли Мохамад жобаны іске асырып, ең озық технологияны пайдалануға дайын екенін жеткізді. Жоспар бойынша зауыт Құрық ауылынан 22 шақырым жерде орналасады. Қорек көзі ретінде газ-турбиналық электр стансасы пайдаланылады. Қуаттылығы күніне 80 мың текше метр және болашақта оның қуаттылығы арта түспек. Тұщытылған сумен «ӨзенМұнайГаз» АҚ, Жетібай, Құрық ауылдары мен Ақтау, Жаңаөзен қалаларын қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар бұл жоба өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға тың серпін бермек.

Жиын соңында облыстық әкімдік пен компания арасында ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Өңір басшысы Ералы Тоғжанов жобаны дайындау және жүзеге асыру мәселелерімен айналысатын жұмыс тобын құруды тапсырды.

Ақпарат көзі: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы