386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетіледі

  • 593
  • UPD: 22:17, 02.08.2017

Осыдан бірнеше күн бұрын Ақтөбенің «Құрылысшы» саяжайында үй өртеніп, 5 балалы отбасы далада қалған еді.

Өрт шыққан кезде үйде үлкендер болмаған. Балалардың ересегі Бақыт 2 бауырын сыртқа шығарып үлгереді. Қалғандарын көршілері құтқарып қалған. Шатырдан тұтанған от лезде тарап, өрт сөндірушілер жеткенше баспана күлге айналған. Балалардың құжаты, киімдері мен оқу құралдары түгелдей өртеніп кетті. Осыдан кейін қала әкімдігі Тоқмамбетовтер отбасындағы жағдайды бақылауға алып, арнайы комиссия құрылды. Биліктен нақты қандай көмек болары әзірге белгісіз. Еріктілер тобы азық-түлік пен киім-кешек жеткізіп берген. Тоқмамбетовтер көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы ретінде есепте тұрған. Бірнеше жыл пәтер жағалап жүрген отбасы 2013 жылы осы саяжайдағы үйді сатып алған еді.

Нәйла Бөртебаева, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің басшысы:

- Көп балалы отбасы, қала тұрғыны ретінде мен ойлаймын бұл әкімдіктің назарынан тыс қалмайды. Ары қарай да көмек қарастырылып жатыр. Қоғамдық бірлестіктер ма, бюджет бола ма, ол енді қарастырылады. Жағдайды түсінеміз, көмек түрлерін қарастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы