386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада 43 үй-күйсіз адам туыстарын тапты

  • 513
  • UPD: 23:16, 02.08.2017
Астанада 43 үй-күйсіз адам туыстарын тапты astana.gov.kz

Бар болғаны төрт күн ішінде «Кезбе» жедел алдын алу шарасы аясында «Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ мекемесіне 205 үй-күйі жоқ адам жеткізілді.

«Кезбе» жедел алдын алу шарасын Астана қаласының ІІД-мен бірлесіп 27 шілде мен 7 тамыз аралығында өтуде.

Барлық панасыз жүрген адамдар туралы жеке деректерді анықтау үшін базада тексеріледі. Әрқайсысы дактилоскопияланады, тізімге алынады.

- «Кезбе» жедел алдын алу кезінде жеткізілген жандармен орталық психологтары мен учаскелік инспекторлар профилактикалық әңгімелесулер жүргізеді. Ұсталған 205 адамның 43-інің туыстары анықталған және олар тұрғын жерлеріне қайтып оралды, деп хабарлады «Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ директоры Динара Шапина.

42 адам бейімдеу орталығының күндізгі бөлімшесіне қабылданды. Онда олар ерікті түрде тұра алады. Орталық мамандары мұндай адамдарға әлеуметтік, медициналық, құқықтық көмек көрсетеді. Сондай-ақ жұмысқа орналастырады.

Ақпарат көзі: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы