EXPO-2017: Баспасөзге шолу

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі - халықаралық компаниялар үшін Қазақстан мен Шығыс Еуропа нарығына шығуға зор мүмкіндік.

Бұл туралы угандалық The Independent журналы жазады. Басылым болашақ энергиясына арналған халықаралық көрме кәсіпкерлер мен инвесторларды тоғыстырған алаңға айналғанын айтады. Көрме аясында ұлттық күнін атап өткен Уганда делегациясы экономикасы қарқындап дамып, Орталық Азияда көшбасшы елге айналған Қазақстаннан үйренері көп екенін айтады.

Рутазиндва Гидеон Мвебазе, Ресейдегі Уганда елшісі:

- Уганда ел экономикасын жаңғыртуды қолға алды. Сондықтан Қазақстанмен энергетика, сауда, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және туризм саласында ынтымақтастығымызды дамытып, нығайта түсуді қалаймыз. Біз ЕХРО 2017 көрмесіне қатысқанымызды мақтан тұтамыз.