384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлеуметтік бағдарламаларға бөлінген 151 млрд теңге қолды болған

  • 505
  • UPD: 20:15, 03.08.2017

151 млрд теңге.

Әлеуметтік бағдарламаларға бөлінген осыншама қаржыны мемлекеттік қызметкерлер қолды еткен. Бұл туралы бүгін жартыжылдық жұмысын қорытындылаған Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді. «Бұл қаражат есебінен 70 мектеп, 80 балабақша немесе 40 аурухана салуға болушы еді», – дейді  профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Арман Есембаев. Жалпы алғанда 1 мың 500 қылмыс жасалыпты. Оның басым бөлігі көлеңкелі экономика секторы мен бюджет қаржысын жымқыру. Тіркелген істердің 67%-ы тергеліп болған. Арман Есембаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы бармақ басты, көз қыстылық деректері азаймай тұр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда шенеунік жұмыссыз азаматтарға бөлінген қаржыны өзі иемденген. Сонымен қатар экономикалық тергеу қызметі қаржы пирамидалары, жалған ақша шығару, есірткі тасымалдау мен ойын бизнесі бойынша істерді тексеруге кірісті. 28 алкоголь цехы мен 114 электронды казиноның жұмысы тоқтатылып, 1 млн теңге жалған ақша анықталды.

Арман Есембаев, ҚР МКК профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы:

- Аяқталған қылмыстық істер бойынша сомасы 151 млрд-тан артық теңгені құрады. Өз кезегінде бұл қаражат мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын орындауға жұмсалуы керек еді. Тергеу барысында 48 млрд теңге өтелді. Залалды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында 24,2 млрд теңге мүлікке тыйым салынды.

Хабар 24 телеарнасы