384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында түйе сүтін өндіретін зауыт ашылады

  • 808
  • UPD: 20:57, 03.08.2017

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында түйе сүтін өндіретін ірі зауыт салынып жатыр.

Бұл еліміздегі пастерленген түйе сүтін шығаратын алғашқы кәсіпорын болмақ. Тәулігіне 8 мың литр ағарғанды өңдеп, табиғи қалпында халыққа ұсынады. Қажетті шикізатты түйе шаруашылықтарынан алады. Қазір аймақтың 32 елді мекенінде сүт қабылдайтын бекеттер ашылды. Бұл шаруалар үшін тиімді болмақ. Себебі аймақтағы барлық зауыт өнімдерін құрғақ сүттен өндіреді. Зауытқа 50 ауыл тұрғыны жұмысқа қабылданды. Озық үлгідегі қондырғылар орнатылып, зертхана салынып жатыр. Құны 1,5 млрд доллар болатын жоба алдағы айда іске қосылады. «Мың да  бір дертке дауа түйе сүтіне қазірдің өзінде сұраныс түсіп жатыр», – дейді зауыт директоры. Өңделген өнімдер бірінші кезекте ішкі нарыққа жол тартады. Себебі азық-түліктің 80%-ы сырттан тасымалданатын Маңғыстау өңірінің халқы табиғи өнімге зәру.

Асхатжан Ыбырай, зауыт директоры:

- Бұйыртса, 40 шақты өнім түрін өндіреміз. Тәулігіне 35 тонна шығарамыз. Басында 35 тонна болады, түйенің сүтін шығарамыз, шұбатын дайындаймыз, биошұбатын жасаймыз, сосын құрт, балқаймақ, ірімшік, айран, қаймақ, ірімшік, коктейль бар және сүзбе шығарамыз деп отырмыз. Алдымен Маңғыстау облысына, кейіннен экспортқа жібереміз.

Хабар 24 телеарнасы