388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысындағы сұйытылған газ тапшылығы мәселесі тұрақталды

  • 547
  • UPD: 21:09, 04.08.2017

Ақтаудағы газ құю бекеттеріндегі ұзын-сонар кезек жоқ.

Жүргізушілер сұйық отынды еш кедергісіз сатып алып жатыр. Еске салайық, кеше аймақ басшысы арнайы рейд жүргізіп, жауапты азаматтарға шұғыл түрде мәселені шешуді тапсырған еді. Бүгін жекеменшік газ құю бекеттеріне «Қазмұнайгаз» өнімдерінен 1000 тонна сұйытылған газ берілді. Сонымен қатар Ақтөбеден қосымша 60 тонна отын жеткізілді. Ал «зауыттан шыққан өнімді халыққа жеткізбей, сыртқа сатып отыр» деген күдікке ілінген жеке станциялар уақытша жабылып, салық қызметкерлері тексеріп жатыр.

Теңелбай Сәрсенбаев, жүргізуші:

 – Бұрын кезекте 2-3 сағаттап тұратынбыз. Қазір 10 минутта кезегіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы