386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаты М.Қазбекова жұмыс сапарымен Ертіс өңіріне барды

  • 522
  • UPD: 10:18, 05.08.2017

Еліміздің агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидиялау, міндетті медициналық сақтандыру, дәрігерлердің жалақысын көтеру және өзге де әлеуметтік жағдайлар.

Бұл мәселелер Парламент Мәжілісі «Ақ жол» партиясы фракциясы депутатының Ертіс өңіріне жұмыс сапары барысында қызу талқыланды. Меруерт Қазбекова бірнеше күн ішінде өңірдегі кәсіпорындардың еңбек ұжымдары, әлеуметтік мекемелердің мамандары және бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесті. Сөйтіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған мақсат-міндеттерді орындау бойынша халықтың пікірін тыңдады.

Меруерт Қазбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Тұрғындарды тұрғын үй мәселелері алаңдатады. Бұл тұрғыда жергілікті биліктің көмегіне жүгінеді. Ал бизнес-қауымдастық өкілдері үстіміздегі жылдың қыркүйек айында қабылданатын  салық кодексіне қатысты сауалдарын жолдады. Біз кәсіпкерлердің пікірін тыңдап, заңнаманы енгізу барысында ескеретін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы